- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нигериялық азаматқа тұрмысқа...
Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек ана атанды
Былтыр күзде Нигерия азаматы Джессиге тұрмысқа шыққан Зайда есімді Атырау тұрғыны ана атанды. Ерлі-зайыпты ұлды болды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Отбасының толыққаны туралы Заиданың өзі Instagram-да жазды. Айтуынша, ол 23 маусымда босанған.
"Енді біз үшеу болдық, әлхамдулилляһ. Менің туған күнім 23 мамыр, ал біздің сәбиіміз 23 маусымда дүниеге келді", - деп жазды Заида Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Заида сәбидің есімін де атады. "Бiздiң отбасымыздың тұңғышын таныстырып өтейiн - Әнуар Айдын Жексенұлы. Onuora Aydeн (Онуора Айден). 23.06.2022. Афроқазақ", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылар жұпты қуаныштарымен құттықтап, сәбиге денсаулық тіледі.
Заида мен оның жолдасы Джесси былтыр отау құрғаннан кейін Желіде танымал болды. Алғашқыда екеуінің некесін сынға алған жұрт оларға қызығушылық танытып, парақшасына жазыла бастады. Бүгінде Заиданың 50 мыңнан аса оқырманы бар. Олар жұптың әр сәтін, соңғы жаңалықтарын қадағалап отырады.
Г. Досымшалова