Нигерия президенті Мухаммаду Бухари елдің оңтүстік-шығысында қайық аударылып, салдарынан 76 адам қаза тапқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Болжам бойынша, қайықта 85 адам отырған. Оқиға орнына апаттық қызмет өкілдері жіберілген.
"Қайық Огбару штатында болған су тасқыны салдарынан аударылып кеткен және жедел қызмет өкілдері 76 адам қаза тапқанын растады", - деп хабарлады президент кеңсесі өкілдері.
Ресми өкілдер 10 адам қаза тапқанын, 60 адам із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып отыр. Анамбра төтенше жағдайларды басқару агенттігінің басшысы 8 қазандағы жағдай бойынша, 15 адам құтқарылғанын хабарлады.
Айта кетейік, Нигериядағы су тасқыны салдарынан 300-ге жуық адам қаза тауып, 100 000 адам үйінен айырылды. Құтқару қызметінің мәліметінше, бұл елде 2012 жылдан бері болған ең ірі су тасқыны.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!