"Ниетім бар". Кәмшат Жолдыбаева орамалға қатысты ойын айтты

"Ниетім бар". Кәмшат Жолдыбаева орамалға қатысты ойын айтты
Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева орамалды неге бірде тағып, бірде тақпайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің оқырманы одан "Неге орамал біресе тағып, біресе шешіп жүрсіз. Хиджаб киді деген желіде шығып еді" деп сұраған. 

Ол алдағы уақытта орамал тағуға ниеті бар екенін айтқан.

"Желіде жазатын нәрселерге сене берудің қажеті жоқ. Толық орамалға көшпесем де, 10 күн бойы оранып, қасиетті мекенде құлшылық етіп келдім. Сол видеодан тараған ақпарат болар... Алда қандай өзгерістер, толықтырулар күтеді - бір Алла біледі. Ниетім бар", - деді Кәмшат Жолдыбаева.

Еске салайық, 1 наурызда Кәмшат Жолдыбаеваның ұзатуынан видеолар тараған болатын. Алайда әнші де, күйеуі Ғазрет Қажымұқанов та бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді. Артынша Кәмшаттың сіңлісі Алтынай Жолдыбаева әпкесі ұзатылғанын растағандай болып, отбасылық суретті жариялаған еді. 

Кейін TikTok-та танымал әншінің басына орамал тағып, шай құйып тұрған видеосы тарады. Видеоның актер Артур Төлепов жариялаған. Актердің сөзінше, бұл "келін шайдағы" көрініс. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан