- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нидерланды гүл
Нидерландыдан әкелінген хризантема ақ тот жұқтырған болып шықты
Фото:
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема Нидерландыға қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының карантин инспекторы хризантема көшеттеріне фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында ақ тот жұқтырған хризантеманы (Puccinia horiana) анықтады.
159 400 гүл Нидерландыдан әкелінген. Инспектор алған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді.
"Тексеріс нәтижелері қауіпті карантинге жататын нысан екенін растады. Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Гүл көшеттері жіберушіге қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова