Нидерландыда дүние бойынша тұңғыш рет түнде өздігінен жарық шығарып тұратын жол жасалды. Бұл жол тек велосипедшілер мен жаяу адамдарға арналған. Шамдар энергияны Күннен жинайды. Амстердам қаласының солтүстігіндегі ауданда жасалған жолдың ұзындығы 70 метр. Кеш кіріп, ымырт үйірілген соң жол үстіндегі нұр аспанда самсаған жұлдыздарды көз алдыңызға елестетеді.
Сурет: lookfor.org