Нидерланд оқушыларына ұялы телефонға тыйым салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқушыларға алдағы жылдан бастап ұялы телефон, планшет және смарт-сағаттарды мектепте ұстауға тыйым салынбақ.
Елдің Білім министрлігінің мәліметі бойынша, гаджеттер баланың ынтасын бұзып, оқу үлгерімін нашарлатады.
Құрылғыларға тек цифрлық дағдыны қалыптастыру мақсатында ғана рұқсат берілуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!