Қазнет қолданушылары Нидерландта педофилияның ресми түрде заңдастырылғаны туралы жазып жатыр. Балаларға мектепте ересектермен жыныстық қатынасқа түсу қалыпты жайт деп түсіндіреді екен. Алайда Stopfake.kz мәліметінше, мұның бәрі жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай ақпараттар "Жас демократтар" партиясының 2019 жылдың маусым айында жарияланған хабарламасына негізделген. Мәтінде педофилияны жыныстық бағдар ретінде санауға және балаларға қызығушылық танытқан адамдарды стигматизациялауды тоқтатуға үндеулер бар.
Алайда, бұл - заң да, тіпті заң жобасы да емес, бұл төрт жыл бұрын партия сайтында жарияланған мәтін. Оның заңды күші жоқ және болған емес.
Басылым мәліметінше, Нидерландта педофилияның кез келген түріне тыйым салынған. Мысалы, "Жас демократтар" партиясының сайтында виртуалды балалар порнографиясын сақтау, көру және тарату заңмен жазаланады делінген. 2022 жылы Нидерландта педофилияны насихаттайтын ұйымның мүшелері сотталды. Мемлекеттік прокуратура бір жылда балалармен жыныстық қатынасты қалыпты деп санауға шақырғаны үшін үш адамды бас бостандығынан айыруды талап етті.
Қорыта айтқанда, Нидерландта педофилия заңдастырылмаған және оны заңдастыру әрекеті болған жоқ. Мұндай хабарламалар заңды күші жоқ онлайн жарияланымға негізделген. Сондай-ақ ақпаратта "Испаниядағы жануарлармен жыныстық қатынасқа түсу" жайлы айтылады. Бұл - Испанияда зоофилия заңдастырылды деген фейк ақпарат. Бұл ақпарат та шындыққа жанаспайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!