- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нидерландта ашықхат жіберілгеннен...
Нидерландта ашықхат жіберілгеннен кейін 42 жыл өткен соң жеткізілген
Нидерландыда ашықхат жіберілгеннен кейін хат иесіне 42 жылдан кейін жеткізілген, - деп хабарлайды Dutch News.
Басылым мәліметінше, ашықхатқа Вероника, Ян және Матиас қол қойған. Ол Амстердамның оңтүстік-батысындағы Нев-Веннеп қаласындағы Людвин мен Пит Верхувенамға арналған. Онда қарапайым "сәлем" деген жазу болған. Ал ашықхат 1980 жылғы жазда Оңтүстік Брабант провинциясындағы Ховен қаласынан жіберілген.
Пошта өткен аптада - жөнелтілгеніне 40 жылдан аса уақыт өткен соң оны "қате, толық емес мекенжай көрсетілген" деп таныған.
"Бұл ашықхатты әпкем Вероника жіберді", - деді Нидерландының 64 жастағы тұрғыны Людвина Верхувен.
Верхувеннің айтуынша, хатта көрсетілген оның күйеуі және ашықхатқа қол қойған күйеу баласы қайтыс болған. Ол ашықхат өзіне неге жеткізілмегенін білмейді.
"Мекенжай дұрыс. Мен әлі де сол жерде тұрамын. Ол кенет дәл қазір қалай пайда болды?" - деді ол.
Пошта бөлімшесі өкілдері бұрын ашықхаттар кейде қолмен сұрыптау кезінде жоғалып кеткенін немесе 1980 жылы дұрыс емес мекенжайға жеткізіліп, сол жерде қалуы мүмкін екенін түсіндірген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова