Шыдамдылық баланың жігеріне қалай әсер етеді? Неліктен жаңа технологиялар оған кері әсер етеді? Либералдық трендтер бала тәрбиелеуде қалай әсер етеді? "Сәнді ата-аналар" жіберетін қателер. I-BALAQAI жобасында клиникалық психолог, нейропсихолог Назгина Мирза осы және өзге тақырыптарға байланысты сөз қозғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстарын айтады.
Бүгін, 26 қараша сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналында көре аласыздар. Спикер "Баланың жігерін қалай арттыру керек" атты тақырыпта ойын айтады. Сондай-ақ маман баланы бәсекеге қабілетті етіп өсірудің жолдарын түсіндіреді.
Нейропсихолог Назгина Мирза 2 жастан 8 жасқа дейінгі сөйлеу және ақыл-ой кемістігі бар балалармен жұмыс істеуге маманданған.
Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.