- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Нейрожеліні басқара алмай...
"Нейрожеліні басқара алмай қаламыз". Атақты астролог болашаққа болжам жасады
Астролог Константин Дараганның болжамы қоғамды дәлдігімен таңғалдырып келеді. Ол бұған дейін маскаға деген трендті (пандемия) және Батыста үшінші жынысты ресми мойындайтынын болжаған болатын. Жақында Константин "Малахов" бағдарламасына келіп, болашақ жайлы жаңа фактілер айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Woman.ru-ге сілтеме жасап.
Константин коронавирус пандемиясына дейін 2013 жылы интернет-дүкендер мен тауарларға автоматты түрде тапсырыс беру қалыптыға айналатынын айтқан болатын. Сондай-ақ ол кеңсе жұмысы азаятынын және кеңселердің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін екенін айтты. Шынымен де қазір көпшілік жартылай немесе толық қашықтан жасауға көшті.
Бізді болашақта не күтіп тұр?
Константиннен жасанды интеллектті бақылау үшін адамдарға чип орнату жайлы сұрады.
"Қазір оған сұраныс жоқ. Бірақ оны бастапқыда мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолданады", - деді ол.
Астрологтың айтуынша, жақын арада интернет-технологиялар, ұялы телефондар, теледидар және компьютерлік ойындар индустриясы ірі медиахолдингтерге біріктіріледі. Константин қазір танылып жатқан нейрондық желілерге алаңдатушылық білдірді.
"Бұл нағыз революциялық технология, алайда біз кейін оларды басқара алмай қаламыз. Егер менікі дұрыс болса, біз алдағы бірнеше жылда ерекше жағдайға тап боламыз. Бізде технологиялық прогресс ғана емес, басқарылмайтын прогресс болуы мүмкін. Қоғам бұл жаңалықтармен бөлісуді тоқтатады. Адамдар олармен оңаша қалады", - деді ол.
Ал көліктер сән-салтанат түріне айналуы мүмкін. Адамдар қоғамдық көлікке көшеді.
"Жеке автокөліктің болуы артықшылыққа айналады. Ол қымбатырақ және эксклюзивті болмақ. Революцияны көліктен күтеміз. Электр қуатына көшетініміз анық", - деді астролог.
Сондай-ақ Константин Дараган адамдар жалған діннен кете бастайтынын айтты. Қоғам екіге бөлінеді: білімділер және қалғандары.
А. Жапатова"Ғылымға, институттарға қарсы бүліктер ұйымдастырылады", - дейді Константин.