Сауатты және теңдестірілген тамақтану сіздің ағзасыңызға ғана емес, миыңызға да қажет. Күнделікті тұтынатын өніміңіз сіздің ақыл-ойыңызға әсер етеді, дұрыс тамақтанбасаңыз жас кезден-ақ миыңыз дұрыс жұмыс істемей, ерте қартаюы мүмкін. Нейрохирург Бретт Осборн ми саулығы үшін оң әсері бар тағамдардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Нейрохирург тізімдеген өнімдер пайдалы ғана емес, сонымен қатар өте дәмді.
1. Көкжидек
Көкжидек - сіз тәттіні ұнатып, бірақ күніңізді шоколад пен торттан бастағыңыз келмесе, таңғы асқа тамаша нұсқа. Жидектерде миды тотығу стрессінен қорғайтын және қабыну деңгейін төмендететін көптеген пайдалы антиоксидант бар.
Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, көкжидекті күнде жеу есте сақтау қабілетін жақсартып, жасқа байланысты когнитивті құлдырауды бәсеңдетуге мүмкіндік береді. Оған қоса, дәрігер Осборн смузи мен салаттарға көкжидек қосқан дұрыс екенін айтты.
2. Майлы балық
Ақсерке мен сардинаның күнделікті мәзірде болғаны өте пайдалы. Балықта омега-3 май қышқылы көп. Нейрохирургтың айтуынша, бұл қосылыс мидың ерте қартаюының және когнитивті құлдыраудың алдын алу, есте сақтау қабілетін жақсарту, көңіл-күйді реттеу үшін өте маңызды.
Ал балықты ұнатпайтындар омега-3 қоспасына назар аударса болады.
3. Көкөністер
Асжапырақ(шпинат), салат жапырақтары, қымыздық(щавель), ақжелкен(петрушка) дұрыс тамақтанумен байланысты. Бұл көкөністерде дәрумен мен минералдардан басқа, талшық көп. Талшық ішектің сау болуына көмектеседі. Дәрігер Осборн сөзінше, ас дұрыс қорытылмай, ми сау болмайды.
4. Жаңғақтар мен дәндер
Кешіңізді қызық фильм көрумен өткізген кезде шемішке, попкорн немесе чипстерді жаңғақ пен дәндерге алмастырған дұрыс. Жаңғақ, бадам, зығыр және чиа дәндері ағзаны антиоксиданттармен және пайдалы майлармен, миды энергиямен қамтамасыз етеді және когнитивті функцияларды күшейтеді.
Маман ұсынған лайфхак: маңызды оқиға немесе емтихан алдында таңғы асқа бір уыс грек жаңғағын жесеңіз, миыңыз толықтай жұмыс істейді.
5. Жұмыртқа
Жұмыртқа - таңғы, түскі және кешкі асқа арналған тамаша тағам. Оларда есте сақтау қабілетін жақсартып, когнитивті функция үшін маңызды нейротрансмиттерлерді шығаруға мүмкіндік беретін холин бар. Жұмыртқаның сарысы сіздің денеңізге миелин синтезі үшін қажет холестерин өндірісін қолдайды. Сондықтан, егер миыңыздың жақсы жұмыс істегенін қаласаңыз, жұмыртқаны ас мәзіріңізден шығармаңыз.
6. Зімбір
Зімбір әдетте азия тағамдарында қолданылады. Сондай-ақ, ол суық мезгілде сусындарға балғын дым береді. Зімбір ми нейрондарын Паркинсон және Альцгеймер ауруы сияқты нейродегенеративті аурулардың негізінде жатқан тотығу стрессінен қорғайды.
Айта кетейік, бұған дейін ми жұмысын жақсартудың 5 ережесі хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: ҰБТ-ға дайындықты қашан бастау керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз