- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Невропатолог қыс мезгіліндегі...
Невропатолог қыс мезгіліндегі әлсіздікпен күресу әдісін ұсынды
Қыс басталса кейбір адамдар үнемі шаршап, әлсіздік сезінеді. Бұл суық мезгілде күндіз уақыт айтарлықтай қысқарып, адамның психологиялық және физикалық жағдайына әсер етуінен. Невропатолог Роман Кудрявцев қыстағы әлсіздікпен күресу әдісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИАМО-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, физикалық белсенділік шаршауды жеңуге көмектеседі. Тұрақты негіздегі физикалық белсенділік адамның жалпы күйін қалыпқа келтіреді, соның арқасында оның көңіл-күйі жақсарады.
"Тірек-қимыл аппараты үшін жүзуге және емдік дене шынықтыруға назар аударуды ұсынамын. Бассейнге аптасына 2 рет бару және күн сайын 15-30 минуттық физиотерапия жаттығулары сіздің күш-қуатыңызды арттырады", - деп түсіндірді сарапшы.
Сонымен қатар, дәрігер дұрыс ұйқыға назар аударуға кеңес берді. Ұйықтаудан екі сағат бұрын шай, кофе және алкогольді ішпеген абзал. Сондай-ақ темекі шегуден және кешкі астан бас тарту керек. Алайда, невропатолог мүлдем аш қарынға ұйықтау дұрыс емес екенін айтты
"Апта күніне, яғни келесі күн демалыс екеніне қарамастан, үнемі бір уақытта ұйықтап, оянуға тырысыңыз", - деп қосты Кудрявцев.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер үнемі шаршап жүруіңіздің қауіпті себептерін атағаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алтын тойға арналған құттықтау-тілектер
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә