Ресейлік невролог Галина Чудинская тұмау жұқтырған адамдарда Паркинсон мен Альцгеймер ауруы өршуі мүмкін деген америкалық мамандардың пікіріне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Чудинскаяның сөзінше, бұл иммундық жүйесі әлсіреген адамдар бастапқыда деменция мен басқа нейродегенеративті аурулардың дамуына бейім болғандықтан болуы мүмкін. Одан бөлек, олар вирустық инфекцияны ауыр өткізеді.
Невролог бұл жағдайда инфекциялардың асқынуы ми ауруларының дамуына себеп болмайтынын атап өтті. Алайда инфекциялардағы салдардың қаупін азайту үшін Чудинская ауру кезінде көбірек демалып, оны өршітіп алмау керегін айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!