Ресейлік невролог дәрігер және стресс бойынша сарапшы Нина Несдоли жұмыс барысында депрессияға түсіп кетпеу жолдарын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.
Дәрігердің сөзінше, жұмыс уақыты біткеннен кейін ең алдымен үш нәрсені істеу керек. Бірақ кеңсеңіз көрші бөлмеде орналасса да үйді және жұмыс орнын дұрыс бөле білу керек. Бұл жұмыс пен жеке өмір арасында тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Біріншіден, жұмыстан кейін киіміңізді ауыстырыңыз. Неврологтың сөзінше, киіміңізді ауыстыру арқылы жұмыс уақыты мен демалуға арналған уақытты дұрыс бөле аласыз.
"Екіншіден, иісті ауыстыру керек. Иіс біздің миымызға бірден әсер ететін элемент. Демалып, жұмысты уақытша ұмыттыруға көмектесетін нәрсе үйдегі және кеңседегі иістің бөлек болуы. Мысалы лаванда, жалбыз, қарағай не апельсиннің сергіткіш иісін қолдансаңыз болады", - дейді маман.
Үшіншісі - үйдегі және жұмыстағы сусынның әртүрлі болуы. Сарапшы үйде және жұмыста әртүрлі сусын ішуге кеңес берді.
"Жұмыс күнінен кейін демалуға әсер ететін сусындар таңдаңыз: ол жасмин не түймедақ қосылған шай болуы мүмкін", - дейді невролог.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!