Танымал продюсер әрі актриса Баян Мақсатқызы жаңа киноның түсірілім алаңында Айгүл Иманбаева мен бұрынғы күйеуін көріп, олардың қарым-қатынасы туралы ойын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қараңыздар, түсірілім алаңында кімдер бар?! Сәбит Әбдіхалықов - фильмнің бас продюсері және идея авторы. Бұрынғы әйелімен бірге киноға түсіп жатыр. Көрдіңіздер ме, қандай интеллигентті қарым-қатынас?! Бұрынғы әйелімен киноға неге түспеске, солай ма? Бұл супер емес пе! Айтпақшы, Сәбиттің 7 баласы бар. Қазақ демографиясына үлес қосып жатырсың", - деді Баян Мақсатқызы түсірілім алаңында.
Сәбит Әбдіхалықов әлі де болса қазақтың санын көбейтуге дайын екенін мәлімдеді, ал Баян Мақсатқызы бұл сөздеріне "әумин" деп қолдау білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!