- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Неткен арсыздық!" Мәжіліс...
"Неткен арсыздық!" Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Бурабай ұлттық саябағындағы әжетхана бағасына шағымданды
Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Бурабай ұлттық саябағындағы әжетхана бағасына шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бәшімовтың айтуынша, ұлттық саябақтың көрікті жерлерінің бірі - Абылай ханның әйгілі алаңы. Оны тамашалауға тек қазақстандықтар емес, шетелден де туристер келеді. Оның айтуынша, аумаққа келгеннен кейін нағыз тонау басталады.
"Әжетхананың алдында әр баласына 150 теңгеден төлеген үш баланың анасын көргенде наразы боласың. Адамдар тарихи жерді көруге келеді, ал мұнда табиғи қажеттілікке қатысты осындай бассыздық болып отыр. Осы орайда Ақмола облысы әкімдігінің басшылығына сұрақ туындайды: бұл неткен саясат, олар тегін әжетхана жасаудың орнына қалтасын қалыңдатсам екен деп ойлап жүр? Ұят болу керек қой", - деп ашуланды мәжілісмен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек