- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Несиесін төлей алмай...
Несиесін төлей алмай жүрген зейнеткер банкте қолын ұстараның жүзімен тіліп жіберген
Фото:
"Астана" телеарнасы
Жетісу облысындағы банктердің бірінде зейнеткер несиесін төлей алмай, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Абылай хан көшесіндегі банк бөлімшелерінің бірінде зейнеткер қолын ұстараның жүзімен тіліп жіберген.
Полиция бұл ақпаратты растады және мұндай қадамға 74 жастағы зейнеткер барғанын нақтылады.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, онда қажет медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқасқа амбулаториялық ем ұсынылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова