Кез келген адамның өмірінде қаржылық қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан несиені уақытында төлей алмасаңыз, қандай қадамдар жасау керек екенін білу маңызды. Мұндай жағдайда қарызды қайта құрылымдау - несие шартының талаптарын өзгерту қаржылық жүктемені жеңілдетудің бір жолы. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпарат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер қарыз алушының қаржылық қиындықтарға тап болуына төмендегідей объективті себептер ықпал етсе, банк қайта құрылымдау туралы өтінішті қарастыра алады:
Неғұрлым ертерек банкке жүгінсеңіз, соғұрлым айыппұлдардан, несие тарихының нашарлауынан және қаражатты сот арқылы өндіріп алудан аулақ болу мүмкіндігі жоғары.
Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен төлем кешіктірілген күннен кейін 30 күн ішінде банкке жүгініңіз.
"Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіп, растайтын құжаттарды (табыс туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) тіркеңіз. Банк өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, шешімдер ұсынады", - делінген хабарламада.
Банктер келесі шешімдерді ұсына алады:
Егер банк қайта құрылымдауға рұқсат бермесе, сіз:
"Бастысы - мәселені назардан тыс қалдырмау керек. Банкке уақытында жүгіну қаржылық қиындықтардың алдын алуға және қаржылық тұрақтылығыңызды сақтауға көмектеседі", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!