Несиені мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушыға артық төлемді азайтуға және қарызды тезірек жабуға мүмкіндік береді. Алайда төлем жасамас бұрын бірнеше маңызды факторды ескеру қажет, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шарт талаптарын тексеріңіз. Несие алмай тұрып банктен мерзімінен бұрын өтеу шарттарын нақтылаңыз.
Қазақстан заңнамасы мұндай жағдайда айыппұл салуға тыйым салады, бірақ бірнеше талап бар:
Сондай-ақ банк берешекті мерзімінен бұрын өтеу үшін арнайы өтініш талап етпейтінін тексеру қажет.
Қарыз сомасын нақтылаңыз. Егер мерзімі өткен төлемдер немесе айыппұлдар болса, қаражат алдымен соларды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Күтпеген шығындарға жол бермеу үшін банкке хабарласып, нақты қарыз сомасын анықтаңыз.
Өтеу әдісін таңдаңыз. Мерзімінен бұрын өтеу толық немесе ішінара болуы мүмкін:
Несие төлеу тәртібін тексеріңіз. Кейбір банктер мерзімінен бұрын өтеуді арнайы мобильді қосымша арқылы жүргізуді немесе банк бөлімшесінде өтініш жазуды талап етеді. Егер қаражатты жай ғана шотқа салсаңыз, олар несие кестесіне сәйкес есептеліп, қарыз сомасы азаймауы мүмкін.
Несие төленгенін растайтын анықтама алыңыз. Толық өтегеннен кейін, банктен қарыздың жабылғанын растайтын құжат талап етіңіз. Бұл есеп жүргізу кезінде қателіктердің алдын алуға көмектеседі.
Сонымен қатар кредиттік тарихты бақылау ұсынылады:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!