- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Несиені жауып беремін":...
"Несиені жауып беремін": Жамбыл облысында алаяқ ұсталды
Жамбыл облысының тұрғыны несиелерді өтеуге көмек көрсету сылтауымен алаяқтық жасап, азаматтарды алдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеттерге қатысты күдіктелген әйелді анықтады. Бірнеше жергілікті тұрғын полицияға шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, бір әйел азаматша алдау жолымен және сенімге кіру арқылы қолданыстағы несиелерді өтеуге көмек көрсету сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген.
Келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 10 миллион теңге. Тергеу барысында күдікті әйелдің ауыл тұрғындары арасында қарыз алушылардың барлық несиелерін жабуға көмектесе алатындығы туралы ақпарат таратқаны анықталды.
Қолма-қол ақшаны алып, ол бірнеше клиенттің банктер мен несиелік мекемелер алдындағы негізгі қарызын жауып тастаған, келесі айларда әйел басқа адамдардың несиелерін төлемей, қарыз алушылардың ақшасын жеке қажеттіліктері үшін пайдаланған. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның өңір аумағында осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина