- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Несие тарихын қалай...
Несие тарихын қалай тексеруге болады?
Фото:
elements.envato.com
Несие тарихыңызды бірнеше жолмен біле аласыз. Оны жылына бір рет тегін тексеруге болады. Бір жыл ішінде қайта сұрау құны - 400 теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
EL.INFO Telegram-парақшасында несие тарихын білудің оңай бірнеше жолы көрсетілген.
"Несие тарихы алғашқы ресімделген банк кредитінен кейін қалыптаса бастайды. Осы құжат негізінде банктер мен микрокредит ұйымдары алдында несие тарихыңыз көрінеді", - делінген хабарламада.
Несие тарихын мына жолдармен тексеруге болады:
- кредит бюросының сайты немесе 1CB.kz мобильді қосымшасы арқылы;
- E-gov порталында дербес несие есебін алу онлайн қызметі арқылы;
- "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалдары арқылы;
- "Қазпошта" АҚ бөлімшелері арқылы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек