Шамамен 10 жыл бұрын кез келген адам несие ала алмайтын еді, ал қазір несие алу әлдеқайда оңай. Адамдар керек затына, тіпті азық-түлік пен тамақтануына қаражатты несиеге алады. Алайда несиені тым көп алу психикалық бұзылулардың дамуына қауіп төндіріп, несиеге тәуелділікті тудырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Общественная служба новостейге" сілтеме жасап.
Ең алдымен, несиеге тәуелділік өмірде дофаминнің болмауына, сондай-ақ, адамның өзін бақытқа бөлеп, қуаныш сыйлауға көмектесетін басқа жолдарын ойлап таба алмауына және оны қаламауына байланысты қалыптасады.
Мұндай адамдар көбінесе қаржылық сауатсыз және жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды. Бұл мінез-құлықтың тағы бір себебі - аутоагрессия немесе өзіңе ашулану.
"Кез келген тәуелділіктегідей, оны жеңіп, арылудың алғашқы қадамы - мойындау", - деп атап өтті Дугенцова.
Психолог екінші қадам ретінде жағдайды талдап, өзіңізге көмектесудің басқа жолдарын табуға кеңес берді.
Үшінші қадам - барлық несие мен қарызды төлеудің нақты жоспарын құру.
Маманның айуынша, бұл кішірігім қадамдар сізге көмектесуі үшін өзіңізге қайтадан несие алуға тыйым салуыңыз керек. Қаржылық сауаттылық туралы да мүмкіндігінше көбірек білуге тырысып, ізденген жөн.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Наурыз» ипотекасына қатысушыларға қандай талаптар қойылады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!