- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Непалдағы ұшақ апаты:...
Непалдағы ұшақ апаты: жолаушы тікелей эфирге шығып отырған
Әлеуметтік желілерде Непалда құлаған ұшақ бортынан түсірілген видео таралып жатыр. Жолаушылардың бірі қайғылы оқиға алдында Facebook-те тікелей эфирге шығып отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жолаушылардың бірі, Үндістан тумасы Сону Жайсвал (Sonu Jaiswal) есімді 35 жастағы адам Facebook арқылы тікелей эфирге қосылып, Yeti Airlines әуекомпаниясы ұшағы апатқа ұшыраған сәтті түсіріп алған, ол өзі және тағы 67 адам қаза тапты", - деп хабарлайды Twitter-де El Dato Noticias Morelos арнасы.
Atención: ⚠️ IMÁGENES FUERTES ⚠️
— El Dato Noticias Morelos (@eldatomx) January 15, 2023
Uno de los pasajeros de nombre Sonu Jaiswal de 35 años, originario de la India inició una transmisión en vivo a través de #Facebook y captó el momento en que el avión de #YetiAirlines se estrella dejando como saldo él y 67 muertos más en #Nepal. pic.twitter.com/HH3To9EbMC
Ер адам өзін, айналасындағы жолаушыларды және терезедегі көріністі видеоға түсіріп алған. Кадрларда ұшақ төмендей бастағанын көруге болады. Барлық жолаушының көңіл күйі көтеріңкі болған. Кенеттен айқай естіліп, видеода жағдай күрт өзгереді. Ер адамның камерасына жазылған соңғы нәрсе - шарпыған жалын, сықырлау және металл құрылымының сынықтары.
Еске салайық, ATR 72 турбовинтті жолаушылар ұшағы жексенбіде Покхара қаласының ескі және жаңа әуежайлары арасында апатқа ұшырады. Жергілікті Yeti Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Катмандудан Покхараға ұшып келе жатқан. Әуекомпаниясының өкілі бортта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Бастапқыда ұшақтың барлық жолаушысы мен экипаж мүшелері қаза болды деп хабарланды, бірақ кейінірек шенеуніктер тірі қалғандар барын хабарлады. Олар ауруханаға жатқызылған, алайда қанша екені белгісіз.
Апатқа ұшыраған ұшақтың 15 жолаушысы - шетелдіктер. Жолаушылар арасында: 53 непалдық, 5 үнді, 4 орыс, 2 корей, Ирландия, Аргентина, Аустралия және Франциядан келген бір-бірден жолаушылар болды. Қазақстан СІМ жолаушылар арасында қазақстандықтар болмағанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Құлтай