Непалдағы су тасқынынан кейін қазақстандық азамат жоғалып кеткен

Непалдағы су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің алдын ала мәліметіне сүйенсек, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен.

"Азаматтың қайда екені әзірге белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендер іздестіріліп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастырады", - деп жазылған хабарламада.

Қазір азаматтың нақты қайда екені белгісіз болып отыр.

Айта кетейік, су тасқыны 26 тамызда таңертең елдің солтүстігінде болған. Су арнасынан асып, бірнеше елді мекенге жайылған. Табиғи апат материалдық шығын әкелген: тұрғын үйлер, жолдар және энергетикалық инфрақұрылым нысандары қираған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!