Непалда ұшақ апаты болды: бортта 70-тен аса адам болған

Непалда ұшақ апаты болды: бортта 70-тен аса адам болған
Фото: Көрнекі сурет: pixabay.com

Непалда әуежайдың ұшу-қону жолағында ұшақ апаты болды. Ұшақ бортында 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Kathmandu Post басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға Покхара қаласындағыхалықаралық әуежайда болған. Ұшақ Yeti Airlines әуекомпаниясына тиесілі.   

Бүгінде әуежай жабық, құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина