Непалда тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр

Непалда тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр
Фото: Видео кадры

Непалда тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін Қазақстанның екі азаматы іздестіріліп жатыр.

"Бұған дейін хабарланғандай, олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен. Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастырып жатыр, отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Непалдағы су тасқынынан кейін қазақстандық азамат жоғалып кеткені хабарланды. 

Су тасқыны 26 тамызда таңертең елдің солтүстігінде болған. Су арнасынан асып, бірнеше елді мекенге жайылған. Табиғи апат материалдық шығын да әкелген: тұрғын үйлер, жолдар және энергетикалық инфрақұрылым нысандары қираған.

Кейінгі мәлімет бойынша Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 460 адамнан асқан. Тағы 800 адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget