Непалда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 157-ге жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Тағы 187 тұрғын жараланған. Табиғи апат аумағында іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Жергілікті билік жапа шеккендер саны артуы мүмкін дейді. Осыдан 2 күн бұрын Непалдың солтүстік-батысында 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы осы елдің астанасы Катмандудан 500 шақырымдай жерде тіркелген. Жалпы Непал сейсмикалық белсенді аймақта орналасқандықтан жиі жер сілкінеді. 2015-ші жылы 2 жойқын зілзаладан 9 мың адам көз жұмған еді.
"Зілзала кезінде үйдің төбесі мен бір қабырғасы құлап әйеліміз екеуімізді басып қалды. Біраз уақыт ауа жетпей қиналдық. Содан терезенің жақтауы да құлап, саңылау пайда болды да сол арқылы айқайлап, қызыма белгі бердім. Ол далада ұйықтайтын. Қызым дереу шақырған құтқарушылар бізді үйінді астынан шығарып алды", - дейді тұрғындардың бірі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз