Непалдың бұрынғы Жоғарғы сот басшысы Сушила Карки уақытша премьер-министр болып ант берді. Президент Рам Чандра Паудел 73 жастағы Каркиді осы қызметке тағайындап, 12 қыркүйекте ант қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі dw-ға сілтеме жасап.
Карки Непал үкіметін басқарған алғашқы әйел болып тарихқа енді. Оның кандидатурасын әлеуметтік желілерге енгізілген тыйымға қарсы митингілердің ұйымдастырушылары ұсынған. Ол келесі сайлауға дейін – 2026 жылғы наурызға дейін үкіметті басқарады деп күтіледі.
Сушила Карки - жемқорлыққақарсы күрес жүргізген тұлға.
Непал үкіметі 9 қыркүйекте әлеуметтік желілерге енгізілген тыйымды алып тастады. Бұл тыйым халықтың наразылығын туғызып, қақтығыстарға және құрбандықтарға алып келген еді. Сол себептен премьер-министр Шарма Оли, ішкі істер министрі және тағы екі министр отставкаға кетті.
Тыйым Facebook, Instagram, YouTube секілді 20-дан аса әлеуметтік желіні қамтыған, оны тіркеу және мемлекеттік бақылауға бағындыру талаптарына сай келмеді деп түсіндірген.
Тыйым алынғанына қарамастан, шеру тоқтаған жоқ. Негізінен жастардан тұрған наразылар елдегі коррупция мен биліктің саясатына қарсы шықты. Жүздеген жас жетекші партиялар офисін және кейбір саясаткерлердің үйлерін өртеген. "Непаль конгресі" партиясының офисі мен бірнеше полиция бөлімшесі отқа оранған. Бұл жаппай наразылықтар "Z буыны наразылығы" деп аталды.
Полициямен қақтығыстар нәтижесінде кемінде 51 адам қаза тауып, 1300-ден астамы зардап шекті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!