- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Неміс миллиардері ұзақ...
Неміс миллиардері ұзақ өмір сүруге көмектесетін 5 ережені атады
Фото:
Instagram/@christianangermayer
Неміс миллиардері Кристиан Ангермайер ұзақ өмір сүруге көмектесетін әдістер жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Insider-ге сілтеме жасап.
Кристиан Ангермайер - ұзақ өмір сүруге көмектесетін дәрі ойлап шығаруға миллиондаған доллар құйып жүрген инвестор. Бірақ ол ғылыми жаңалықтарға сеніп қана қоймай, ұзақ өмір сүру мүмкіндігін арттыратын 5 ережені сақтайды.
"Егер бір жағынан қарапайым, бір жағынан күрделі бұл 5 нәрсені жасамасаңыз, сиқырлы құрал іздемеңіз", - дейді Кристиан Ангермайер.
Мына бес ережені сақтаңыз:
- Дұрыс ұйқы. Миллиардердің сөзінше, бұл жастықты сақтауға арналған тегін және тиімді құрал;
- Жақын адамдарыңызбен араласу. "Сізге жеке өмір қажет. Оның жоқтығы зиян екені ғылыми дәлелденген", - дейді ол;
- Дұрыс тамақтану. Миллиардер көкөністерге бай жерорта теңіздік диетаны байқап көруді ұсынды;
- Спортпен айналысу. Жүйелі түрде жаттығулар жасау дене мен жан-дүние саулығын сақтауға көмектеседі;
- Алкоголь мен есірткіден бас тарту.
Оқи отырыңыз: Жерорта теңізі диетасының негізгі ережелері
А. Жапатова