"Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты ШҚО ІІД баспасөз қызметі өкілдері растады. Ведомство өкілдері қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайын жарияламады.
"2023 жылғы 6 қазанда Өскемендегі Ертіс ПБ-інде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдарын басталды. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі", - делінген ШҚО ІІД-нің баспасөз хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Айта кетейік, Дина Таңсәрі (Смаилова) - белгілі қоғам қайраткері және "Немолчи" қорының жетекшісі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!