Немересін қуантқысы келген астаналық әжей алаяқтың арбауына түсті

Немересін қуантқысы келген зейнеткерді алаяқтар алдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша алаяқты анықтады.

58 жастағы зейнеткер шет елдерге оқытуды ұйымдастыратын қызмет орталығына алданып қалған. Жәбірленуші немересінің армандарын орындаймын деп, қателікке жол берді. Күдікті оқуға баратын бес шет ел мемлекетін ұсынып, өз есепшотына ақшаны аудартып алады. Шығын көлемі шамамен 18 млн теңге.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас тағы 49 эпизод бар екені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары алаяқтардың тұрғындарды алдауға сан алуан тәсілдер ойлап табатынын және онлайн сатып алу, қызмет көрсету бойынша сақ болуды тағы бір еске салады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!