- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Немересімен таласып құшақтағам"....
"Немересімен таласып құшақтағам". Тоқтар Серіков анасымен түскен соңғы суретін көрсетті
Фото:
instagram.com/toktar.serikov/
Әнші Тоқтар Серіков анасымен түскен соңғы суретін Instagram-дағы парақшасына жүктеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Анаммен соңғы түскен суретім екен. Соңғы рет құшағында жатқанымды, соңғы рет құшақтағанын білмеппін. Осы күні немересімен таласып тұрып құшақтағам. Мәңгілік сағынышқа ұласарын сезбеген екем. Жаның жәннәта болсын, анашым", - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқырмандары әншіге көңіл айтып, "Ананың құшағына жететін дүние бар ма екен...сірә жоқ қой бұл жалғанда", "Ауырып жүргені көрініп тұр. Бірақ білдірмеген ғой", "Тоқтаржан, менде де сондай сағыныш бар", "Қандай қиын, анасын аңсап, сағыныш өртеп жүр ғой" деп пікір жазған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан