Неліктен ыстықтай бересіз? Негізгі 8 себеп

Кей адамдар бөлмеде желдеткіш немесе кондиционер қосылып тұрса да, ыстықтап отырады. Бұл мұндай адамға, әсіресе, жаздың ыстық күндері жағымсыздық сыйлайды. Неліктен ыстықтай бересіз? Оның мүмкін себептерін ұсынамыз.

Созылмалы күйзеліс

Адамдар қатты күйзеліс кезінде терлеп кеткенін байқайды. Себебі бұл кезде адреналин шығарылады. Егер күйзеліс созылмалыға айналып кетсе, адам үнемі ыстықтап отырғандай сезімде болуы мүмкін. Оны жеңу үшін босаңсу техникаларын қолдану керек. Бірақ ыстықтаудан басқа да белгілер, мысалы, кеуде тұсы немесе асқазан-ішек жолы проблемалары бар болса, дәрігерге көрінген жөн.

Кофеин өте көп

Кофеиннің көп болуы ыстықтауды ынталандыруы мүмкін.  Себебі ол ағзада жылу бөлінуіне ықпал етіп, дене температурасының артуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ кофеин жүрек соғысының жиілігін арттырады.

Кофені көп ішіп қойсаңыз...

Кей дәрілер

Кей дәрілердің қосымша әсері болады. Егер дәрі ішкеннен кейін бетіңіз қызарып, ыстықтай бастасаңыз, бұл жайлы дәрігеріңізбен сөйлесу керексіз. Сол кезде дәрігер басқа дәрі жазып береді немесе емнің басқа түрін ұсынады.

Инсулинге төзімділік

Түнде терлеу, ыстықтау және күн ыстықта хал-жағдайдың нашарлауы инсулинге төзімділік белгісі болуы мүмкін. Оның басқа белгілеріне қандағы глюкоза деңгейінің артуы, шөлдей беру, гипертония, бастың ауыруы, салмақ қосып алу, холестерин деңгейінің жоғарылауы және тәбеттің артуы жатады.

Жүктілік

Жүкті әйелдердің көпшілігі ыстықтай береді және олар ауа жетпей жатқандай сезімде болады.

Ыстықта қалай терлемеуге болады? Пайдалы кеңестер

Гипертиреоз

Гипертиреоз деп қалқанша без көп гормон бөлетін жағдайды айтады. Бұл кезде адам ыстықтай береді. Сондай-ақ адам басқа да жағымсыз белгілерді сезуі мүмкін: жүрек соғысының жиілеуі, демікпе, тершеңдік, қалқанша бездің артуы, созылмалы шаршаңқылық және әлсіздік.

Ангидроз

Ангидроз деп дене терді жеткілікті түрде бөлмейтін жағдайды айтады. Сол себепті ағза қызып кетеді де, адам ыстықтай береді. Бұл қауіпті ауру: тер бөлінбесе, ағза қоршаған ортадағы бактериялар мен улы заттарға сезімтал болып кетеді.

Етеккір үзілісі

Етеккір үзілісі 45-55 жас аралығында басталады, алайда одан да ерте басталатын кездер болады. Бұл кезде гормондар деңгейі өзгеретіндіктен, әйел ыстықтай береді.

Етеккір үзілісінің жақындағанын қалай білуге болады?