- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Неліктен тұзды тіскебасарлар...
Неліктен тұзды тіскебасарлар жегіңіз келе береді?
Нутрициолог және гастроэнтеролог Татьяна Жаровская тұзды тіскебасарларға деген құмарлық неліктен пайда болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Radiosputnik-ке сілтеме жасап.
Адам тұзды қытырлақ нандар, жаңғақтар, чипстердің зиян екенін біле тұра, оларды жей бергісі келеді.
"Тұз дәм рецепторларын тітіркендіреді, дәмді күшейтеді, асқазан сөлінің секрециясын және тәбетті арттырады, сондықтан адам тұзы көп тағамның дәмін татқанда, ол оны ары қарай жалғастырғысы келеді және қайта-қайта жегісі келе береді. Ал оны қытырлатып жеу психологиялық тұрғыда қуаныш гормондарының пайда болуына көмектеседі", - деп атап өтті Татьяна Жаровская.
Маманның айтуынша, жиі бүйрек және бүйрек үсті бездері проблемалары бар адамдар тұзды тағамдар жегісі келеді.
"Адам қатты күйзеліске ұшырағанда немесе созылмалы күйзеліспен қиналғанда, оны тұзды тағамға тартады. Бұл бүйрек үсті безі, бүйрек проблемаларын және күйзелісті көрсететін белгінің бірі", – деп түсіндірді Татьяна Жаровская.
Оның айтуынша, тұзы көп тағамдар бірқатар аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін.
"Тұз ағзадағы сұйықтықты ұстап қалады, қан қысымының жоғарылауына ықпал етуі мүмкін, әсіресе гипертонияға бейімділік болса. Сонымен қатар, шамадан тыс тұздалған тағамдар дененің жасушааралық кеңістігінде ісінуге әкелуі және дене салмағының артуына ықпал етуі мүмкін. Тұз асқазан-ішек жолдарының аурулары бар науқастарға, әсіресе қышқылдығы жоғары гастритке пайдалы емес, өйткені тұзды тағам асқазан сөлінің секрециясын күшейтеді. Рациондағы артық тұз асқазан қатерлі ісігі секілді аурулардың даму факторы болуы мүмкін деген бірқатар зерттеулер бар", - деп ескертті Татьяна Жаровская.
Диетолог тұзды тағамдарға деген құмарлықтан қалай арылуға болатынын айтты.
"Біріншіден, бұл күйзеліспен жұмыс, өйткені күйзелістен арылмайынша, адамды тұзды тағамға тартатын болады. Қызықты хобби табу сияқты басқа нәрселерден ләззат алған дұрыс. Сондай-ақ тұзды тағамдарды дәмді көкөніспен, мысалы, сәбіз немесе тәтті және қышқыл алмамен алмастыра аласыз. Тағы бір кеңес – органдардың патологиясын алдын алу үшін бүйрек үсті бездері мен бүйректерді уақытылы тексеру", - деп қорытындылады Татьяна Жаровская.
Дұрыс тамақтану: Кеңсе қызметкерлеріне 7 кеңес
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова