- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Неліктен түнде мұрын...
Неліктен түнде мұрын бітеледі? Оның сіз ойламаған 7 себебі
Мұрынның бітелуі - тұмаудың жиі кездесетін белгісі. Алайда кей адамдар бұл жағымсыз белгімен күнде қиналуға мәжбүр. Кей адамдардың тек түнде мұрны бітеледі. Бұл денсаулыққа қатысты қандай проблемаларды көрсетуі мүмкін?
Гормонды проблемалар
Гормонды тепе-теңсіздік үшін түнде мұрын бітелуі мүмкін. Мамандар бұл жағдайды сипаттау үшін "вазомоторлы ринит" терминін қолданады. Бұл ауруға жиі 20 жастан асқан әйелдер шалдығады.
Вазомоторлы риниттің дамуына әкелетін гормонды бұзылыстар жиі етеккір үзілісі, жүктілік немесе жүйке жүйесіне артық күш түсумен байланысты. Бұл факторлар қанның тұрып қалуына әкеледі. Соның салдарынан мұрын қуысы ісінеді және жатқан кезде мұрныңыз бітеліп қалғандай сезім болады.
Етеккір үзілісінің жақындағанын қалай білуге болады?
Созылмалы аурулар
Мұрын жанындағы қойнаулар немесе қойнаудың (синусит) қабынуынан түнде мұрын бітеледі. Егер тұмауды толықтай емдемесеңіз немесе жалпы денсаулыққа аса мән бермесеңіз, осы аурулар пайда болуы мүмкін. Гайморит те тыныс алу проблемаларына әкелетін созылмалы ауру болып саналады.
Құрғақ ауа
Үйлер мен кеңселерге жылу беріп бастағанда көпшілік адам түнде мұрын бітелумен қинала бастайды. Себебі батареялар ауаны құрғатып жібереді. Сондықтан жоғарғы тыныс алу жолдары тітіркенеді және оларға шырыш жиналады.
Бұл проблемадан арылу үшін бөлме ішінде қалыпты ылғалдылықты сақтау керек. Ол үшін үйді жиі ылғал тазалаңыз, жиі желдетіңіз және ауа ылғалдандырғыш құрал қолданыңыз.
Аллергиялық ринит
Аллергиялық ринит балаларда да, ересектерде де кездеседі. Адам өзінде ринит бар екенін білмей, ұзақ уақыт бойы тұмаудан емделіп жүруі мүмкін. Уақытында бұл ауруды анықтамаса, ми белсендігінің баяулау қаупі бар. Себебі ми жеткілікті түрде оттегі алудан қалады. Аллергиялық ринитті тек маман ажырата алады.
Дәрілік ринит
Бұл мұрынға бақылаусыз тамшылар немесе қан тамырларды тарылтатын спрейлер қолданатын адамдарда пайда болады. Мұндай дәрілер тәуелділік тудырады. Дәрілік риниті бар адам тамшылардан бірден бас тартса, жағдайы нашарлауы мүмкін. Оның әсіресе, түнде мұрны бітелуі мүмкін. Алайда шамамен 10 күн шыдаса, адам өзін қайтадан жақсы сезіне бастайды.
Мұрын ішінде өсінділердің пайда болуы
Мұрындағы полиптер түнде адамның қиын тыныс алуына әкеледі. Мұрын ішінде полиптердің пайда болуына бұрын респираторлық жұқпалармен ауыру, созылмалы тыныс ал жолдары аурулары және жалпы иммунитеттің әлсіеуі әсер етеді. Кейде оған жүрек-қан тамырлар жүйесі проблемалары мен зиянды әдеттер де әкеледі.
Аллергиялық тұмау
Кейде аллергия белгілері бірден пайда болмайды. Немесе күндіз байқалмай, түнде пайда болуы мүмкін. Әдетте бұл жатын бөлмеде аллерген болған жағдайда пайда болуы мүмкін:
- Жатын бөлмедегі шаң;
- Матрас, көрпе және жастықтағы ұсақ кенелер;
- Көрпелер мен жастықтарға қолданылған жануарлар жүні;
- Төсек-орын жабдығын жуатын ұнтақ.