Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?

Гормоналды жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты целлюлит ер адамдарда әйелдерге қарағанда әлдеқайда аз кездеседі. Бұл туралы эндокринолог Наталия Тананакина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Риамоға" сілтеме жасап.

"Әйелдерде коллаген талшықтары теріге перпендикуляр орналасады, бұл май жасушаларына майды оңай сақтауға және теріні созуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әйелдің терісі жұқа әрі серпімді, бұл ағзаға қоректік заттарды сақтауға көмектеседі", - деді дәрігер.

Ал еркектерде коллаген талшықтары қиылысып орналасады, тығыз және берік тор түзеді. Бұл терінің беткі қабаттарында майдың жиналуына жол бермейді.

Маманның айтуынша, егер ер адамда әйел гормонының - эстрогеннің деңгейі тым төмен болса, целлюлиттің пайда болу қаупі де жоқ.

Целлюлиттің пайда болуына әсер ететін тағамдар

Дәрігер бұл тізімге қант, шоколад, фаст-фуд, нан өнімдері мен мармеладты кіргізді. Бұған сүт өнімдері де жатады. Өйткені сүтте целлюлиттің пайда болуына ықпал ететін лактозалық қант бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!