Неліктен күзде және қыста бас жиі ауырады?

Неліктен күзде және қыста бас жиі ауырады?
Фото: depositphotos.com

Көпшілік адамның күзде және қыста басы жиі ауырады. Оның себебі неде? Невролог Екатерина Демьяновская түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Life.ru-ге сілтеме жасап.

Күндізгі жарықтың азаюы

Дәрігер күзде және қыста болатын температуралар өзгерісінен, атмосфералық қысымнан және күндізгі жарықтың қысқаруынан адамдардың басы ауруы мүмкін. Оның айтуынша, бұл әсіресе ауа райына тәуелді адамдарда байқалады.

Дәрігер бұл факторлар вегетативті жүйке жүйесіне әсер ететінін айтты, ол тек бас ауруына ғана емес, сонымен қатар буындардың және тіпті жүректің ауырсынуына әкеледі. Оған бас сақинасы және кластерлік бас ауруы бар адамдар бейім келеді.

Бас киімсіз жүру

Суық мезгілде бас киімнен бас тарту да бас ауруын тудыруы мүмкін.

"Себебі төмен температура бас бұлшықеттеріне күш түсіруі және сәйкесінше оның ауырсынуына әкеледі. Сонымен қатар тоңып қалу, қабыну мен нейроинфекцияларға әкелуі мүмкін, сондықтан +5 градустан төмен температурада бас киім киіп жүру керек", - дейді дәрігер.

Бас ауырса не істеу керек?

Невролог күздің немесе қыстың келуімен бас ауырмас үшін ағзаны шынықтыру маңызды екенін атап өтті.

"Басыңыз ауырған кезде қарама-қарсы душ қабылдаңыз, аяқты жылы суға салыңыз, қараңғы және суықтау бөлмеде ұйықтаңыз. Сондай-ақ бас ауырғанда жаттығу жасаған пайдалы, тіпті жеңіл гимнастиканың өзі хал-жағдайыңызды жақсартады", - дейді Екатерина Демьяновская.

Ағзаны қалай дұрыс шынықтыру керек? Мына жерден оқыңыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова