Алкогольдің, бояудың немесе ацетонды еске салатын салқындатқыштың иісі антифризді ауыстырып көрген әрбір жүргізушіге жақсы таныс таныс. Қалыпты жағдайда оның иісі тез кетеді. Ауаға таралып жағымсыз әсер, дақ қалдырмайды. Ал көліктің салонында шығып тұратын антифриздің иісі көлікте отыруға мүмкіндік бермейді. Тым лас. Салонда антифриздің иісі пайда болуының себептері қандай? Одан қалай арылуға болады? Massaget.kz тілшісі біліп көрді.
Салондағы антифриз иісінің негізгі себептері
Антифриздің ағып кетуінің салдары қандай?
Антифриз иісінің көліктің салонында шығып тұруы кейбіреулер үшін қалыпты жағдай болып көрінуі мүмкін. Алайда мұның салдары тым ауыр. Бұл иіс сіздің денсаулығыңызға тікелей әсер етеді. Аллергиялық реакцияларға, жүйке жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Жүргізуші жүрек айнуын, бас айналуын сезініп ақыры апатқа әкеліп соқтыруы ықтимал.
Бұл адамға тигізетін әсері. Ал енді көлікке қандай зияны бар?
Қозғалтқыштың қызып кетуі. Техникалық сұйықтықтың көлемі артық жылу энергиясын бөлу үшін жеткіліксіз болса қозғалтқыш қыза бастайды. Тіпті қозғалтқышты түгелімен ауыстыруға әкелуі мүмкін.
Көлік салонның зақымдануы.
Егер салонда антифриздің иісі болса, онда жаңа кілемшелерге, орындықтарға бұл иіс тез сіңіп кетуі мүмкін. Сондықтан оны химиялық тазалау арқылы ған жоюға болады. Төсеніштер мен панельдер антифриз сіңіріп, металл элементтерінің қарқынды коррозиясын тудырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!