- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Неліктен жүгіргенде ішіңіз...
Неліктен жүгіргенде ішіңіз түйіліп ауырады?
Кейде жүгіргенде ішіңіздің оң жағы түйіліп ауыра ма? Бұл көпшілікке таныс жағдай. Оның себебі неде?
Әдетте жүгіріп бастағаннан кейін 5-10 минуттан соң ішіңіздің оң жағы түйіліп ауырады. Адам дұрыс жүгірмесе, оның "тынысы" аяқтала бастайды. Сондықтан адамның демі қысылады, бұлшықеттер белсенді жұмыс істей бастайды және оларға көп энергия қажет болады.
Дененің барлық дерлік энергиямен қамтамасыз етілуі оттегімен байланысты. Денеде болатын химиялық реакциялар күрделі және тіпті улы, ал бауыр мен көкбауыр оны тазартумен айналысады.
Біз дайындықсыз және денені қыздырмай жүгіргенде немесе секіргенде жүрек жиі жиырыла бастайды және тыныш күйге қарағанда көбірек қан айдайды.
Алайда, адамдардың көпшілігі көп қозғалмайды. Тиісінше, көкбауыр мен бауыр өте көп мөлшердегі қанның құйылуына дайын емес. Сондықтан олар бергеннен гөрі көбірек қабылдай бастайды, оған қоса бұл қанды токсиндерден тазарту керек. Олардың барлығы күрделі процестер.
Соның салдарынан, бұл органдардың ішіне көп қан жиналады, біздің органдар серпімді, бірақ оларды ұстайтын қабық созылмайтын сіңірдің тініне ұқсайды. Нәтижесінде оған жүйке ұштары әсер бере бастайды да, ауырсыну пайда болады.
Бірден қатты жүгіріп бастаса, ішіңіз түйіліп ауырады. Мұндай кезде қарқынды азайтыңыз, себебі қабықшаны зақымдап алу қаупі бар. Ауырсыну кеткенше жүре тұрыңыз.
Сондай-ақ тамақтанғаннан кейін бірден жүгіргенде де ішіңіз түйіліп ауырады. Бұл жағдайда бауыр асқорыту процесіне қатысады, қанмен толтырылады, арналар кеңейеді. Бұл орган көлемінің ұлғаюына әкеледі.
Жүгіргенде ішіңіз ауырмас үшін не істеу керек?
- Жүктемені біртіндеп арттырыңыз. Егер жүйелі түрде жүгірсеңіз және жаттығу жоспарын сақтасаңыз, ағза жүктемеге және оның біртіндеп артуына бейімделеді;
- Жүгірер алдында денені қыздырып алу керек;
- Тыныс алуды қадағалаңыз, біртекті демалыңыз және жүгіріп келе жатып сөйлемеңіз;
- Тамаққа тойып алып жүгірмеңіз.
Оқи отырыңыз: Жүгіруді бастай алмай жүргендерге 5 кеңес
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова