- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Неліктен италиялық ер...
Неліктен италиялық ер адамдар 40 жасына дейін ата-анасымен тұруға құмар?
Статистика бойынша, Италиядағы ер адамдардың үштен екісі 18-бен 30 жас аралығында ата-анасымен тұратын болып шықты. Ал кейбірі тіпті қырық жасына дейін ата-анасымен бірге тұрады екен. "Тонкости туризма" басылымы италиялық ер адамдардың неліктен бөлек шықпай, ұзақ уақыт ата-анасымен тұратынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, бірінші проблема - экономика. Италияда жас мамандарға жалақысы жақы қызметке орналасу қиын. Сондықтан жастардың 30 пайызына жуығы жұмыссыз жүреді. Ал жасы келген адамдар жастарға орын бергісі келмейді екен. Ал жалақы аз болғандықтан бөлек шығып, пәтер жалдау қиын. Сол себепті ер адамдар ата-анасымен тұрып, жалақысын әдемі киімдерге, саяхаттау мен күшті техникаға жұмсауға құмар болады.
Екінші себеп - махаббат. Италияда ата-аналардың өзі де баласын бөлек жіберуге асықпайды. Себебі олар "туған баласына анасынан артық кім қамқорлық таныта алады? Оның киімін үтіктеп, дәмді тамағын пісіріп берумен кім айналысады?" деп ойлайды. Сондықтан балалар да қымбат қонақүйдегідей жағдайға үйреніп алады.
Айта кетейік, Венецияда ата-аналар 41 жастағы ұлын сот арқылы бөлек шығаруға тура келген жағдайлар болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина