Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Мамский әңгіме" подкастында ұлға ерекше назар аударатын адамдарға шүйлікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса әлеуметтік желіде "енді ұл туып алыңыз" деп хат жазатын оқырмандары көп екенін айтты.
"Отбасымызда менен кейін үш қыз бар, жалпы төрт қызбыз. Бізде бақыттың шыңы - ұл туған әйел етіп қойған. Неге? Ұл да, қыз да - перзент. Алланың бергені, біз оны таңдамаймыз. Сондықтан осы бір ұғым мен үшін ауыр. Маған әлеуметтік желіге "енді бір ұл туып бақытты болыңыз" деп жазады. Сонда мен қазір бақытсызбын ба? Ұл тусам ғана бақытты боламын ба? Ол ұл қандай болып дүниеге келеді, ол мені бақытты ете ме, мен оны бақытты етемін бе? Білмейміз. Менің қазір бір қызым бар болса да, бақыттымын, шүкір", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.
Сондай-ақ актриса баланы немере және жиен деп бөлуге қарсы екенін айтты.
"Ұл болсын, қыз болсын, ол бәрібір ұрпақ. Жалпы немере, жиен деп бөлгенді де қаламаймын. Бізге бөлінудің қажеті жоқ. Онсыз да қазақты үш жүзге, ары қарай руға бөліп тастаған. Ұлдан болсын, қыздан болсын немере тәтті. Маған бәрінен де "ағамыздан бір ұрпақ қалмады ғой" деп әйелдердің айтатыны ауыр тиеді. Сосын "еркектен еркек туады" деген қайдан шыққан?! Мысалы, біздің үйдің төрт қызының өз мамандықтары бар, ешқайсысымыз ата-анамызға ауыртпалық салып немесе жерге қаратып жатырған жоқпыз. Әрқайсысының өзінің отбасы бар. Ата-ана үшін бақыт сол емес па?", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!