Шымкент соттары Қуандық Бишімбаевтың бұған дейінгі қылмыстық ісі туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 14 наурыздағы үкімімен Қуандық Бишімбаев мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған (366-баптың 4-бөлігі, 28-баптың 3-бөлігі – 189-баптың 4-бөлігінің 2-бөлімі, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі бойынша).
Жаза өтеу мерзімі 2017 жылғы 10 қаңтардан ұсталған және уақытша ұстау изоляторына орналастырылған кезден бастап есептелген. Сотталушы өз кінәсін мойындаған.
Сол кездегі президент Назарбаевтың 2019 жылғы 13 ақпандағы Жарлығымен Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасалып, оның жазасы 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды.
Осыған байланысты Бишімбаев сотқа жазаның өтелмеген қалған 1 жыл 3 ай 13 күн мерзімін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхат жолдады.
Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы заң талаптарын толығымен қанағаттандырды: жазасын өтеу мерзімінің 2/3 бөлігін өтеген, мекеме әкімшілігімен оң сипатталған, 4 көтермелеу болған, қасақана заң бұзушылықтар болмаған, 1,5 миллионнан астам сомаға процессуалдық шығындар өтелген.
Сондықтан Шымкент қаласының Абай аудандық сотының қаулысымен 2019 жылғы 25 қыркүйектегі К.В. Бишімбаевтың өтінішхаты қанағаттандырылды.
Қуандық Бишімбаев 2019 жылдың 11 қазанында босатылып, пробациялық бақылауға алынды.
Үкімнің мерзмі 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!