Ұйқы - біздің өміріміздің ажырамас және маңызды бөлігі. Сапасыз және жеткіліксіз ұйқы жағымсыз салдарларға әкеледі. Сондықтан әркім ұйқы режимін сақтау керек. Алайда әйелдер ер адамдарға қарағанда көбірек ұйықтау керегі айтылады. Бұл рас па?
Зерттеулерге сай, әйелдер ерлерге қарағанда толыққанды ұйқыны көбірек қажет етеді. Егер ер адам мен әйел бір уақытта ұйықтаса және таңертең бір оятқышпен бір уақытта тұрса, олар өздерін әртүрлі сезінеді. Ер адам - сергек және белсенді жүреді, ал әйел төсектен әрең тұрады. Оның себебі неде?
Себебі әйелдің миы ерлердікіне қарағанда күрделі. Бұл ғылыми дәлелденген факт. Әйелдер бір уақытта көп мәселені орындай алады. Олардың бұл қабілеті оларды тез шаршатады. Сәйкесінше, ағзаға және жүйке жүйесіне қалыпқа келу үшін көбірек уақыт керек.
Екінші себеп - гормонды фон. Әйелдер ерлерге қарағанда өмірінің көп бөлігінде гормонды тербелістерді сезеді. Ол етеккір циклімен, жүктілікпен және етеккір кідірісімен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ күйзеліс немесе созылмалы депрессияға реакция болуы мүмкін.
Үшінші себеп - мазасыз ұйқы. Көпшілік әйел адамға ұйықтап кету қиын және түнде жиі мазасызданады.
Зерттеу нәтижесі бойынша, әйелдер ұйқысы қануы үшін күйеуіне қарағанда 20 минутқа көп ұйықтауы керек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!