- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Неліктен ауызға қышқыл...
Неліктен ауызға қышқыл дәм келеді және одан қалай құтылуға болады?
Тамаққа келетін қышқыл дәм нені білдіруі мүмкін? Көп жағдайда мұндай құбылыс ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылғанының белгісі. Бұл туралы гастронэнтеролог Диляра Лебедева Telegram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, тамаққа келетін қышқыл дәмнің бірнеше себебі болуы мүмкін.
1. Ауыз қуысының аурулары: гигиена бұзылған кезде пайда болатын қызыл иектің немесе тілдің шырышты қабығының қабынуы, мұндай жағдайда қышқыл дәммен қоса, жағымсыз иіс шығып, тіс тәжін, протезін немесе пломбасын ауыстыру керек болады.
2. Кейбір тағамдарды тұтыну, олар:
- шоколад;
- цитрус жемістері;
- кофе;
- қарағай жаңғағы;
- майлы \ ащы тағам;
- сондай-ақ, пайдалы микрофлораны тежеп, сілекей лизоцимінің белсенділігін бұзатын антибиотиктерді қабылдау.
3. Ағзадағы басқа да бұзылыстар:
- ксеростомия (ауыздың құрғауы), сілекейдің жетіспеушілігі бактериялардың көбеюіне ықпал етеді;
- неврологиялық аурулардың ащы сезімін тудыратын эпилепсия, склероз, деменция;
- гормоналды өзгерістер, жүктілік немесе менопауза;
- асқазан-ішек жолдарының аурулары, мысалы, асқазанның мазмұны өңешке көтерілген кезде гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы (Gerd). Егер өт қышқылмен бірге көтерілсе, бұл сіздің аузыңызда ащы дәм келуі мүмкін.
Ауызға келетін қышқыл дәмнен қалай құтылуға болады?
Дәрігер ауызға келетін қышқыл дәмнен құтылуға көмектесетін бірнеше кеңес берді.
Ауыз қуысының гигиенасын сақтаңыз. Тіс щеткаларын уақытында ауыстырып, тіс тазалауға арналған жіп немесе щетка сияқты қосымша гигиеналық құралдарды қолданыңыз;
Никотин мен алкогольді тұтынбауға тырысыңыз. Бұл өнәмдер ауызды құрғатады;
Ащы тағамдарды жемеңіз;
Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз. Бұл сілекей бездерінің қалыпты жұмысын сақтауға және ащы дәмді азайтуға көмектеседі;
Уақытылы тамақтаныңыз, әсіресе гастроэзофагеальды рефлюкс ауруынан зардап шегетін болсаңыз. Артық тамақтанбаңыз және бірден жатып ұйықтамаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін кекірудің қауіпті белгілері қандай болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 2024 жыл Бикештер үшін қандай болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә