11 шілдеде биылғы жылдың ең стильді әрі музыкаға толы «SHULAMAH» фильмі жарыққа шықты. Бұл жоба Айтөре Жолдасқалидың толықметражды фильмдегі дебюттік жұмысы болды. Режиссер бұған дейін Sәlem Entertainment-тің «Sheker» атты хит-сериалымен шулатқан болатын – ол «Азиялық Канн» Asia Contents Awards-тың Қазақстаннан бірінші, әзірге жалғыз жеңімпазы болып табылады. Қазір режиссер өзін үлкен кинода сынап жатыр.
«SHULAMAH» үш дос баланың оқиғаларын баяндайды – Сапар (Досан Кеншімбаев), Дархан (Алмаз Мержақыпов) және Ғани (Демеу Атымтаев) туған жері Теміртаудан музыка саласын бағындыру мақсатымен Алматыға келуге бел буған. Рэперлер продюсер Суланы (Данияр Алшинов) кездестіреді.Ол ұлдарға баспана мен тамақ беріп, оларды танымал орындаушы етеді, бірақ шығармашылық болмыстарын көрсетуді тежейді. Басты кейіпкерлерге өздерін түсінуге, шынайы құндылықтарынұғынуға және атақ жолында дос болып қалуға тура келеді.
Фильмді жүзеге асыруда продюсер Максим Акбаров, музыкалық продюсер Тимур Смағұлов, режиссерлер Игорь Цайменалдын аталған Айтөре Жолдасқали бар тәжірибелерін салды.
Бұл фильмді көруге тұрарлық көптеген себептердің арасында мыналар бар:
Дұрыс ойлары бар жаңа әрі қызықты оқиға. Фильмде достық пен арманға адалдықтың маңызды тақырыптары қозғалады – бұл тек жас ұрпақ үшін ғана емес, үлкен адамдар үшін де өзекті тақырып болып саналады. Бұл жолда кейіпкерлер өзгерістерді бастан кешеді, қателеседі және олар үшін шынымен маңызы зор нәрсені іздейді.
Фильмнің бай музыкалық мазмұны. Қазақстан хип-хоп индустриясымен танымал және музыкасымен бүкіл ТМД аумағын жаулап алуда, алайда, Қазақстанда музыка туралы кино өте аз – бұл «SHULAMAH» фильмін өз түріндегі бірегей етеді. Фильм V$XV PRiNCE, Shiza, Darkhan Juzz және басқа да танымал орындаушылардың ең стильді және сәнді композицияларына толы. Оған қоса, көрермендерді «SHULAMAH» фильміндегі көрінісімен Say Mo, Hiro, Moreart, Кисло-Сладкий, De Lacure, dudeontheguitar және тағы басқа орындаушылар қуантады. Айтпақшы, фильм үшін шығарылған басты кейіпкерлердің орындауындағы түпнұсқа композициялары бар арнайы альбом барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Әндер қазірдің өзінде көрермендердің жүрегіне жетіп, чарттарға еніп жатыр.
Батыл әрі креативті визуалды шешімдер мен өңдеу. «SHULAMAH» визуалды эстетикасының арқасында басқа фильмдерден ерекшеленеді. Түсірілім тобы қолданған бірегей стиль ұмытылмас көрініс жасап, әрбір сахнаны есте қаларлық және шынайы етеді. Бұл фильмде Айтөренің ерекше стилін байқамау мүмкін емес.
Айта кетейік, фильм атақты музыкант және режиссердің жақын досы - 2023 жылы қаза тапқан DarkhanJuzz-ге арналған. Дархан таланттарды үнемі қолдап, жобаның басынан фильмнің командасына да жан-жақты қолдау көрсетті. Ол өзінің музыкасында жалғасатын бай шығармашылық мұра қалдырды.
«SHULAMAH»–шығармашылық жол, достық пен мінездің қалыптасуы туралы фильм. Бірегей визуалмен жоғары деңгейдегі музыка арқылы жасалған ерекше атмосфераға ену үшін киноны үлкен экранда көрген жөн. Фильм еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетіледі, сол үшін жіберіп алмаңыздар!
Жарнама материалы
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!