Индонезия Парламенті некесіз жыныстық қатынасқа тыйым салу және сөз бостандығын шектеуге қатысты елдің қылмыстық кодексін қайта қарады. Елде некесіз жыныстық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Барлық саяси партияның қолдауымен қабылданған заң құқық қорғаушыларды ғана емес, сонымен қатар, елдің қарқынды дамып келе жатқан туристік секторын да қамтыған.
Индонезияның Туризм индустриясы басқармасы басшысының орынбасары Маулана Юсран Кодекстің "мүлдем кері әсер еткенін" және ел пандемиядан шығуға тырысқан сәтте енгізілгенін айтты.
Алайда, заң шығарушылар жобаны құптады.
"Біз маңызды мәселелер мен талқыланған әртүрлі пікірлерді ескеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Алайда, біз қылмыстық кодекске түзету енгізу туралы тарихи шешім қабылдап, бізге мұраға қалған отарлық қылмыстық кодекстен бас тартатын кез келді", - деді Әділет және адам құқықтары министрі Джейсонна Лаоли.
Заңды қолдағандар некесіз жыныстық қарым-қатынасқа түскендер бір жыл бас бостандығынан айырылатынын, ал бірге тұру үшін алты ай бас бостандығынан айырылатынын айтады. Айыптаулар тек жұбайы, ата-анасы немесе балалары берген полиция мәлімдемесіне сай негізделуі мүмкін.
Ал NasDem партиясының депутаты Тауфик Басаридің айтуынша, Балиге келген турист Индонезия азаматымен жыныстық қарым-қатынасқа түссе және ол туралы индонезиялықтың ата-анасы не баласы полицияға хабарласа турист қамауға алынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!