Танымал әнші Абай Бегейдің жұбайы әлеуметтік желіде отбасылық суретін жариялап, отау құрғандарына 7 жыл болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осындай жылыыыы фотолармен бөліскім келіп тұр. Біздің неше жылдық дұғамыздын нәтижесі. Осы ай біздің некелескенімізге 7 жыл болады екен. Симби мен Аминок құттай бөпе болып келіп еді Ақтаудан. Қазір бойлары бізден ұзын, бойжеткен қыздар болып өсіп келе жатыр. Ақтаудан келгенде екі қыз өте ашулы болып келіп еді деп күлеміз ғой қазір, бір жымиса екен деп алдыларында құрдай жорғалайтын едік. 7 жылдан бері бізді қарап оқитын оқырмандарымыз бар ма екен?" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнер иесінің отбасына жылы лебізін білдірді.
"Аллам бақыттарыңды ұзағынан сүйіндірсін", "Бәрі әйелге байланысты ғой, сол үйдің ұйытқысы өзіңсің Фаризажан. Бақыттарың баянды болсын", "Бақытты болыңыздар. Сіздің сабырлығыңыз бен ақылдылығыңыздың арқасында бәрі жақсы болды деп ойлаймын", - деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!