- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Неке түнінен кейін...
"Неке түнінен кейін талақ айтқан". Атырауда пәтер өртеген әйелге қатысты істің мән-жайы айтылды
Атырауда деструктив діни ағым ұстанған әйел жалға алынған пәтерді өртеп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 28 жастағы атыраулық ВКонтакте арқылы Орал тұрғынымен танысқан. Былтыр желтоқсанда басталған онлайн таныстық ұзаққа созылмаған. Арада бір ай өтер-өтпестен екеуі неке қиюға сөз байласқан. Осылайша, ер адам Оралдан Атырауға келген. Бұл 2022 жылғы 7 қаңтарда болған. Ғашықтар өзара неке қиып, жігіт Атыраудағы Нұрсая ықшамауданынан жалға екі бөлмелі пәтер алған. Неке түнінен соң олардың араларында жанжал туындаған. Ер адам әйел өзіне ұнамағанын айтып, талақ айтып, пәтерден кетіп қалған. Ашуға булыққан әйел одан кек алу мақсатында жалға алынған пәтерді өртеп жіберген. Неке қияр-қимастан ажырасқандар деструктив діни ағымды ұстанғаны белгілі болған.
Атыраулық әйелдің үстінен іс қозғалған. Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Біреудің үйін өртеп жіберген 28 жастағы әйел бұған дейін де бұзақылық бойынша сотталған болып шыққан.
Қазір әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Құзырлы органдар мәліметінше, қылмыстық із қозғалып жатқан әйел 3 000 айлық есептік көрсеткіштен 7 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл төлеуі мүмкін немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектелуі не осындай мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова