Негізгі ҰБТ: 200-ден аса адам тесттен шеттетілген, жүзден аса адамның нәтижесі жойылған

Негізгі ҰБТ: 200-ден аса адам тесттен шеттетілген, жүзден аса адамның нәтижесі жойылған
Фото: gov.kz

10 мамырда басталған негізгі ҰБТ-ны 236 мыңға жуық түлек тапсырған. Талапкерлердің 72 пайызы тестті қазақ тілінде, 28 пайызы орыс тілінде, 408 адам ағылшын тілінде тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

140-тан 140: жоғары балл жинаған кім?

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл - 64 балл.

Ең жоғары нәтиже - 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинаған.

Қанша адам тесттен шеттетілді?

ҰБТ өткізілген бес аптада ереже бұзылған 474 дерек анықталған. 298 талапкер смартфон, смарткөзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тесттен шеттетілген. Тағы 176 адам тест кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылған.

Айта кетейік, ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбалар талданады. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу дерегі анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі жойылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget