"Негіз жоқ". Үкімет неге "лохотрондарды" тексермей отырғанын айтты

"Негіз жоқ". Үкімет неге "лохотрондарды" тексермей отырғанын айтты
Фото: Pixabay.com

Үкімет лохотрондарды тексеруді күшейте ме? Лоторея терминалдарының жабдығы сатылуға тыйым салына ма? Депутаттардың осындай сауалына премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекеттік органдардың тексерулерге бастамашылық жасау мәселесі Кәсіпкерлік Кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) шектелген және регламенттелген. Кодекстің 144-бабының 5-тармағына сәйкес нақты кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталды. Осы жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жататыны анықталды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта тиісті тексерулер жүргізуге негіз жоқ", - дейді вице-премьер Ерұлан Жамаубаев. 

Оның айтуынша, лотерея терминалдарын әкелуді шектеу шаралары келесі жылы әзірленетін "заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі" кешенді жоспар аясында пысықталып жатыр.

"Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше және сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес шараларын белгілеу құзыреті Еуразиялық экономикалық комиссияға берілгенін, оның шешімдері консенсуспен қабылданатынын ескере отырып, сауданың кез келген шектеулерінің нақты негіздемесі болуы тиіс екенін ескеру қажет. Лотерея қызметін реттеу мәселесі үкіметтің тұрақты бақылауында", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Жасұлан Ордабаев 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget